Ағаштарға қамқор бол!

Ағаштарға қамқор бол!
almaty-akshamy.kz

Алматы – ару қала. Оның көркемдігін асырып тұрған, сөзсіз, жасыл желектері. Бірақ бүгінгідей ыстықта оларға күтім керек. Ал күтімсіз жасыл желектер қурап кетеді, салдарынан айналамыз сүреңсіз тартады.


Алматы қаласының Бостандық ауданында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушылары да «Ағаштарға қамқор бол!» қоғамдық акциясын қолдап, Абай даңғылының бойындағы жасыл желекті суғаруға қатысты.

«Біз қаламыздың көрікті де таза, ағаштары жайқалған жасыл қала келбетінен айырылмағанын қалаймыз және барлық алматылықты осы акцияға қатысуға шақырамыз», – дейді олар.


Естеріңізге сала кетейік, шаһарда мекеме-кәсіпорын өкілдерінің, тұрғындардың өздері орналасқан аумақтағы ағаштарды күтімге алу челленджі басталған болатын. Бүгінде алматылықтардың аталмыш акцияға қатысу белсенділігі жоғары.