«Ағаштарды аялайық!» челленджі жолданды

«Ағаштарды аялайық!» челленджі жолданды
Almaty-akshamy.kz

Ағаштарға қамқорлық жасалуда.

Алматы қаласындағы ағаштарға қамқорлық жасау челленджі жалғасуда. Әсіресе, жаз мезгілінің аптап ыстығында жасыл желек атаулының барлығына дерлік жақсы күтім керек. Біздер шөлдеген ағаштың күйін терең түсінуге тырысып, пенде ретінде шөлдің қалай болатынын сезінеміз. Сол себепті кез келген тіршілік иесінің өмірінде судың алатын орны бір бөлек.

Биылғы жаз бұрынғыдан өзгешелеу болып тұр. Ерекше аптап ыстық күндер өтуде. Қала аумағындағы жасыл желек те қуаңшылықты сезінгендей. Дәл бұрынғыдай жап-жасыл күйге ене алмай, қолдауға зәру күй кешуде. Адамзаттан бір жылылық пен өмір нәрін күтіп тұрғандай.

Осы ретте «Alataý Аqparat» ЖШС «Ағаштарды аялайық!» челленджін қолға алып, мекеме айналасындағы, сондай-ақ былтыр Абай даңғылының бойына өздері отырғызған жасыл желекке су құя бастады. Аталған челлендждің мақсаты мен мұраты – қаладағы барлық мекемені өзіне қарасты, сондай-ақ жақын маңдағы ағаштарға қамқорлық жасауға шақыру.

 «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Almaty» газеттерінің қызметкерлері қолдарына шелек алып, жақсы істі бастап та кетті. Осы орайда, өзге әріптестерімізді де челленджді жалғастыруға шақырамыз. Айта кетейік, «Alataý Аqparat» ізгі бастаманы Қазақстан Журналистер одағына, «Вечерний Almaty» – «Новое поколение» газетіне, ал «Almaty aqshamy» – «Қазақ үні» газетіне жолданған болатын.

Аталмыш жолдаудың бүгінгі бағыты өз иесі тапты. Қазақстан Журналистер Одағының басшысы Сейітқазы Матаевтан Жазушылар Одағына өтті. Бұл челленджді Одақ төрағасы Ұлықбек Есдәулет қабылдап алды. Осылайша «Alataý Аqparat» ЖШС «Ағаштарды аялайық!» челленджі өз жалғасын табуда.