«АҒАШТАРДЫ АЯЛАЙЫҚ!»

«АҒАШТАРДЫ АЯЛАЙЫҚ!»
almaty-akshamy.kz

Экоакцияны көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жалғастырып, әрі қарай барша алматылықтарға жолдады.

Біз, қазақтар, өз жерімізден басқа Отанымыз жоқ деп санаймыз, ал бұл ғарыштық, планеталық масштабтағы ағаштардың Жерден басқа Отаны жоқ. Егер бәріміз ағаштарды суарып, өмір сыйласақ, біз өзімізді жоғалтпаймыз. Бізге қосылыңыздар!

Газетіміздің өткен сандарында «Alataý Аqparat» медиахолдингі («Almaty aqshamy», «Вечерний Almaty» газеттері) ұжымының Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ағаштарды аялайық!» атты челленджді бастағаны туралы хабарлаған едік.

«Alataý Аqparat» ЖШС «Ағаштарды аялайық!» челленджі аясында мекеме айналасындағы ағаштар мен былтыр Абай даңғылының бойына өздері отырғызған жасыл желекті суғарған болатын. Сондайақ, осы челленджді Қазақстан Журналистер одағына, «Новое поколение», «Қазақ үні» газеттерінің ұжымына жолдаған. Ұйымшыл ұжымның челлендждін алғашқылардың бірі болып Қазақстан Журналистер одағы жалғастырған еді.

Экоакцияны көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, жазушы Мұрат Әуезов қабыл алып, ары қарай жолдады.

– Кез келген идея нақты адамдар арқылы жүзеге асады, кез келген игі іс оны жасағандардың есебінен өмір сүреді және одан шабыт алады. Қалалық газеттер игі іс жасап жатыр. Мен бұл жер бетінде 80 жыл өмір сүріп келемін және бұл туралы айтуға құқым бар. Алматы әрқашан жасыл желектермен, суармалы арықтармен, гүлзарлармен, субұрқақтармен әйгілі болды, сондықтан ағаштардың қурауына жол бермейік, – дейді .

Ағаш туралы түсінік адам санасына ежелден енген қызықты тақырыптардың бірі деуге болады. Оған деген сүйіспеншілік пен құрмет уақыт шектеуінен бастап эпостар, аңыздар, әдеби туындылар, қолөнер мен жердегі барлық халықтардың өнер туындылары арқылы жол табады. Мысалы, даос монастырларында ағаш өсетін кезде олардың рухани өмірінің толу дәрежесін анықтауға болады деп есептелген. Егер олар жақсы, түзу бой түзеп, мықты бұтақтары мен тәжі бар болса, онда монастырьдегі атмосфера жақсы дегенді білдіреді.

Қазақтарда «шежіре» деген сөз асыл тұқым дегенге саяды. Ал ағаштарда бұл жылдық сақиналар болып табылады. Олардың көмегімен өмір туралы, сондай-ақ адамның шежіресі туралы көп нәрсені білуге болады. Ғасырлар бойы олар бұл ақпаратты бойында сақтаған. Ағаштар – барлық тіршілік иелерінің жады десек болады.

– Бүкіл жерде өрт тұтанып жатқаны бірінші жыл емес. Қасиетті жерлер өртеніп жатыр. Бұл – өркениет үшін үлкен күнә әрі суицид. Барлық ормандар өртеніп кетпес бұрын, біздің санамыз өледі. Біз, қазақтар, өз жерімізден басқа Отанымыз жоқ деп санаймыз, ал бұл ғарыштық, планеталық масштабтағы ағаштардың Жерден басқа Отаны жоқ. Сондықтан мен Николай Гумилевтің «На ласковой земле, сестре звездам, Мы – на чужбине, а они – в отчизне» деген жолдарын еске түсіремін, – деді ғалым.

– Ағаштардың тамыры, діңі, бұтақтары мен жапырақтары – адамзат баласының символы, ал бүгін біз тамырымызды кессек, табиғат оған шыдамдылық танытпайды. Ағаш – адамға өзін жоғалтпау үшін берілген қасиетті сыйлық. Егер бәріміз ағаштарды суарып, өмір сыйласақ, біз өзімізді жоғалтпаймыз. Бізге қосылыңыздар !