«Қазпоштаға» апарар жол

Бұл ­– «10 А» ықшамауданындағы «Қазпоштаға» көтерілетін баспалдақтың бүгінгі көрінісі. (Суретті түсірген – Айым Нұрман). Халықты баспалдақтың сырт келбеті мен тозғаны емес, тұрғындарға тигізіп жатқан қаупі алаңдатады. Өйткені, мынадай жерден жүремін деп мертігіп жатқандар жетіп-артылады.

28 жасар Әйгерім Төреханова дәл осы баспалдақтан құлап, жамбас сүйегін зақымдап алғанын айтады. «Медициналық орталық, дәріхана, қазпошта, дүкенге бару үшін осы баспалдақ арқылы көтерілуге тура келеді. Қазір жер құрғап, қай жерді басатының көрініп тұр ғой, қыс мезгілінде бұл жермен жүру мүлдем қиын. Мүжіліп, қалпын жоғалтқан тепкішектердің үстін мұз басқан кезде баспалдағымыз кәдімгі сырғанаққа айналады. Мен мейлі жаспын, әупірімдеп жүріп мініп-түсе аламын, ал бізде зейнетақысын алуға келетін әжелер көп-ақ. Солардың жағдайына алаңдап, бірнеше рет әкімдікке хабарласқанмын. Бірақ еш нәтиже жоқ», – дейді Әйгерім. Біз «Қазпоштаға» апарар жолды өз көзімізбен көрдік. Расында да  мүжіліп, құмға айналып бара жатқан баспалдақтың сыйқы мынау. Сүйеніп, ұстап шығатын ешқандай тіреуіш те жоқ. Құлаған адамның оңбай жарақат алатыны бірден көрініп тұр. Әйгерімнің әкімдік есігін жағалап жүргеніне жақында бір жыл болады екен. Алғашында қыс түспей, қазан-қараша айында реттеп береміз деп уәде берген-ді. Бірақ белгілі бір себептермен жөндеу жұмысы 2021 жылға қалдырылыпты.

Қазір қалада жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жерге де жауапты мамандардың көзі түсер. Әзірге тұрғындардың әупірімдеп күн көруіне тура келіп тұр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *