Азиялық даму банкі «жасыл» жобаларды жүзеге асыруға инвестиция салады

Азиялық даму банкі «жасыл» жобаларды жүзеге асыруға инвестиция салады
Сурет: Kapital.kz

АДБ Орталық Азия өңірлерінде «жасыл» жобаларды жүзеге асыруға 100 млрд доллар инвестиция салуға ниетті

Қаржы институтының өкілдері «Климатты сақтау үшін күрестегі өңірлік бірлік» конференциясы барысында Орталық Азия елдерінің бірлесіп жүзеге асыратын климаттық әрекеттерінің маңыздылығын, сондай-ақ «жасыл» жобаларды дамытуда және климаттың өзгеруі салдарымен күресте Қазақстанның айрықша үлесі барын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Орталық Азия осы жаһандық проблеманы шешуде шешуші рөл атқаруы тиіс және Азиялық Даму банкі климатты қаржыландыруда 2019-2030 жылдар кезеңіне 100 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қаржы бөліп отыр. Бұл жылына 8,8 млрд доллар шамасында. Әрине, бұл үлкен ақша, бірақ оны жаһандық мәселелерді шешу үшін тиімді пайдалану керек. Сондықтан көздегенімізге жету және пандемиядан кейін қайтадан қалыпқа келу үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқымыз келеді. 100 млрд доллардың 66 млрд-ын біз климаттың өзгеруін жұмсарту және бейімделу үшін 34 млрд инвестиция салуды жоспарлап отырмыз», - дейді АДБ президенті Масацугу Асакава