Азияда жүз жылда болмаған жоғары температура тіркелді

Азияда жүз жылда болмаған жоғары температура тіркелді
Сурет: Aikyn.kz

Сарапшылар ауа райындағы мұндай күрт ауытқулар климаттың өзгеруі салдарынан дейді. 

Қытай астанасы - Бейжіңде күн шыжып тұр. Синоптиктер әзірге аптаптың беті қайтпайтынын айтуда. Кеше Шанхайда да күн қатты ысып кетіп, кейінгі 100 жылда болмаған жоғары температура тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Негізі Азияның өзге елдеріндегі жағдай да осыған ұқсас. Вьетнамда маусымның аяғына дейін күн ыстық болады. Осыған байланысты мамандар өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертеді. Сингапур мен Таиландта да температуралық рекордтар тіркелген.

Сарапшылар  болашақта мұндай жағдайлар жиілейтінін де болжайды.