Азия жастар біріншілігінде Қазақстан боксшылары топ жарды

Азия жастар біріншілігінде Қазақстан боксшылары топ жарды
Сурет: Egemen.kz

Бангкокта Қазақстан өкілдерінің қатысуымен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия жастар біріншілігі басталды.

Жарыстың бірінші күнінде рингке екі қазақстандық шығып, жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Аталған турнирді еліміздің ересектер құрамасының көшбасшыларының бірі Санжар Ташкенбай ашты. Титулды және талантты боксшы 48 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевті жеңді. Оның артынан Бангкок рингіне тағы бір боксшымыз Махмуд Сабырхан шықты, ол ЧА-2023 стартында 57 келіге дейінгі салмақта өзбек Мырзабек Мырзахалиловты жеңді.

19 қаңтарда ЧА-2023 кестесі бойынша шаршы алаңға қыздар да шығады:

  • 48 кг Анель Құдайберген - Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
  • 50 кг Мөлдір Тойкова - Мариэль Таландрата (Филиппин)
  • 52 кг Жансая Рахимберды - Тхи Хой Нгуен (Вьетнам)
  • 57 кг Виктория Графеева - Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд).

Азия біріншілігі 26 қаңтарда аяқталады.