Азия чемпионатында грек-римнен қазақстандық үш балуан финалға шықты

Азия чемпионатында грек-римнен қазақстандық үш балуан финалға шықты
Сурет: Egemen.kz

Ұлан-баторда күрес түрлерінен Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды.

Бүгін Қазақстан сапынан бозкілемге шыққан бес балуанның үшеуі финалға, екеуі қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Құрлықтық бәсекенің екінші жарыс күнінде балуандар 60, 67, 72, 82 және 97 кило салмақ дәрежелерінде белдесуде.

Мейіржан Шермахамбет (67 кило), Абылайхан Амзаев (72 кило) және Диас Қален (82 кило) жарыстың финалында белдессе, Ернұр Фидахметов (60 кило) пен Санжар Серікқан (97 кило) қола жүлдені сарапқа салады.

Финалдық кездесулер елорда уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ: 

67 кило: Мейіржан Шермаханбетов - Хансу Рю (Оңтүстік Корея)

72 кило: Абылайхан Амзаев - Мохаммад Раза Моктари (Иран)

82 кило: Диас Кален - Расул Садех (Иран)

Жұбаныш финалы (Қола жүлде үшін белдесу)

60 кило: Ернұр Фидахметов - Балжинням Цэвэнравдан (Моңғолия)

97 келі: Санжар Серікқан - Такахиро Суруда (Жапония)