Азия чемпионатында екі жерлесіміз жеңімпаз атанды

Азия чемпионатында екі жерлесіміз жеңімпаз атанды
Сурет: News.myseldon.com

Каратеден Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов Азия чемпиондары атанды

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, қазақстандық қос атлет каратеден Азия чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан құрамасынан Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов топ жарды. 

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай үздік атанды. Ол финалда филиппиндік Джун Цукті ұтты. 

Ал ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Андрей Актауов финалда арабиялық Барги Ясирдан басым түсті.