Азия чемпионатында Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды

Азия чемпионатында Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды
Сурет: Ашық дереккөзі

Дулат үш раунд бойы шеберлігінің басым екендігін көрсетті

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта түркменстандық Сапармұрат Одаевпен рингке шықты.

Дулат үш раунд бойы шеберлігінің басым екендігін көрсетіп, соққыларын көбірек дарыта білді. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, 6 қараша күні Дулат жартылай финалға шығу үшін қырғызстандық Жакшылык Талайбековпен таласады.

Сонымен қатар бүгін Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен, Асланбек Шымбергенов (71 кг) филиппиндік Маржон Пианьярмен қолғап түйістіреді.
Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16.00-де, кешкі сессия 21.00-де басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатын Серік Теміржановтың жеңіспен бастағанын, Сәкен Бибосыновтың бастапқы кездесуін сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының ¼ финалына өтті.
Азия чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшының рингке шығатыны хабарланды.