Азық-түлік арзандай ма?

Азық-түлік арзандай ма?
almaty-akshamy.kz

Азық-түлікті арзандату үшін 1300-ден астам тауарға салынатын кедендік баж алынып тасталды.

Ресей мен Беларуське қатысты қабылданып жатқан шектеу шараларын ескере отырып, еуразиялық әріптестермен бірлесе дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

«Ресей мен Беларуське қатысты қабылданып жатқан шектеу шараларын ескере отырып, еуразиялық әріптестермен бірлесе дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді. Нарықты қажетті азық-түлікпен қамту және бағаның өсуін тежеу мақсатында импорттың 1300-ден астам тауарына кедендік баждар алынып тасталды. Сонымен бірге, Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім 2025 жылға дейін ұзартылды. Ол қазақстандық экспортты 9,3%-ға, яғни 282,7 млн долларға дейін өсіруге мүмкіндік береді», - деп тоқталды Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, Еркін сауда аймағы туралы келісімді Индонезия және Біріккен Араб Әмірлігімен жасау жоспарланып отыр. Оған сәйкес, болжамды экспорттық өсім 1 млрд доллардан асады. Бұдан өзге вице-премьер алдағы уақытта серіктес елдермен көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті.