ҒАЖАЙЫП КЕЗДЕЙСОҚТЫҚТАР

Кешiккен оқ

1893 жылы Хенри Синглер деген жiгiт көңiл қосқан қызынан айрылысып кетедi. Қамкөңiл қыз күйiкке шыдамай ақыры өзiне қол салады. Қыздың ағасы қарындасының өлiмiне Хенри Синглердi кiнәлап, өлтiрмек болып оның үйiн торуылдайды. Бiр күнi Хенри Синглер үй алдындағы бақшасын аралап жүргенде қыз ағасы оған оқ атады. Алайда, оқ Хенри Синглерге дарымай, ол аман қалады да, үй алдындағы ағашқа барып тиедi. 1913 жылы Хенри Синглер үй алдындағы әлгi зәулiм ағашты орнынан қопарып тастамақ болып, ағашқа жарылғыш қояды. Ағаш қопарылғанда анадайда қарап тұрған Хенри Синглердiң өзi де мұрттай ұшады. Сөйтсе, 20 жылдың алдында ағашқа қадалған оқ жарылыстың салдарынан ұшып келiп үй иесiнiң басына тиген екен. 

Өмiрлiк егiздер

АҚШ-та Фатрик атты екi әйелдiң есiмдерi ұқсас болғандықтан, әлеуметтiк желiдегi тiзiмдiкте азаматтық құжаттары шатысып кетедi. Тексере келгенде байқалғаны екi әйел де 1941 жылы 13-наурызда туған болып шыққан. Екi әйел де 1959 жылы әскери адамдарға тұрмысқа шығыпты. Екеуi де 19 және 21 жастарында нәресте сүйген. Екеуi де сурет салуға әуестенiп, сұлулық салонында және кiтапханашы болып жұмыс iстеген.

Қатерден аман қалатындар

1660 жылы 5-желтоқсан күнi Атлант мұхитының шығыс жағалауында бiр кеме апатқа ұшырап, жалғыз Х.Уильямс деген адам тiрi қалады. 1767 жылы тағы сол 5-желтоқсан күнi жоғарыдағы су айдынында тағы бiр кеме апатқа ұшырайды. 127 адам суға батып тек бiр адам аман қалады, ол адамның аты да Х.Уильямс болған. 1820 жылы 8-тамыз күнi Англияның Таймыс өзенiнде қайық аударылып суға кеткендердiң iшiнде тағы да Х.Уильямс деген адам тiрi қалған. 1940 жылы 10-шiлде күнi Англияның бiр балықшы кемесi ау сүйретiп жүрiп су минасына жолығып қалады. Жарылыстан ерлi-зайыпты екi адам тiрi қалған. Сондағы ер адамның аты Х.Уильямс екен.

Соңғы кездесу

1996 жылы Парижде екi көлiк соғылысып, жүргiзушiлерi жантәсiлiм болады. Тексере келгенде өлгендер бұрын ерлi-зайыпты адамдар болған. Жол апаты әдейi жасалған қастандық болуы мүмкiн деген жорамал кейiн жоққа шыққан. Себебi, ертеректе ажырасып кеткен еркек пен әйел көп жылдар бiрiмен-бiрi араласпаған. Оларды өлiм қайта кездестiрген.

Өзiн құтқарды

1965 жылы теңiз жағасында құммен ойнап жүрген 4 жастағы Лора Лассер деген қыз баланы толқын алып кетедi. Суға батып бара жатқан баланы суда жүзiп жүрген Элиза Бурис деген әйел байқап, құтқарып қалады. 1974 жылы жоғарыдағы теңiз жағасында желқайықпен жүрген Лора Лассер бiр адамның суға батып кеткенiн байқап, оны құтқарып қалады. Анықтай келгенде Лора Лассердiң құтқарған адамы Элиза Буристiң күйеуi болып шығады.

Дайындаған — А.НҰРҒАЗЫҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close