Азаматтар ерікті түрде 125 қару тапсырды

Азаматтар ерікті түрде 125 қару тапсырды
Сурет: Inform.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде қаңтар оқиғасы, тергеу барысы туралы брифинг өтті 

ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, азаматтар 125 қаруды ерікті түрде тапсырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұған дейін Бас прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару халықтың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретіні туралы бірнеше рет хабарланған болатын, өйткені бұл қарулар ауыр қылмыс жасаған кезде қолданылуы мүмкін.

Осыған байланысты қаруды өз еркімен тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді. Нәтижесінде азаматтар ерікті түрде 125 қару тапсырды.

Ұрланған ғана емес, заңсыз сақталған, сондай-ақ тіркелмеген қарудың барлық түрлерін табу және тәркілеу жөніндегі жедел іс-шаралар белсенді түрде жалғасуда.