Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Cурет: Olympic.kz

Еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол финалда Үндістан командасының өкілі, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дипак Пунияны 6:1 есебімен ұтты.

Бұл - биылғы құрлықтық додада еркін күрестен ел қоржынындағы алғашқы алтын медаль.

Еске сала кетсек, кеше Рахат Қалжан күміс, ал Талғат Сырбаз бен Мамед Ибрагимов қола жүлделерге қол жеткізген болатын.