Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі жаңадан тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда сайтындағы хабарламада.
Ол алдында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.