Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

2021 жылдың наурызында қазақстандықтарды 12 демалыс күні мен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
  • Наурыз – Көктем мен табиғаттың жаңаруы (21-23 наурызда тойланады)

8 наурыздың демалысы

Биыл 8 наурыз дүйсенбіге түседі, сол себепті бұл мерекені қазақстандықтар 3 күн тойлата алады – 6, 7, 8 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса).

Аптасына алты күн жұмыста жүргендер 7 және 8 наурызда демалады.

Наурыздың демалысы

Наурыз мерекесінің бірінші күні жексенбі екен, сол себепті бұл демалыс күні сәрсенбіге, 24 наурызға ауыстырылады.

Сонда Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалып қалады – 20, 21, 22, 23, 24 наурыз (бес күндік жұмыс аптасы болса).

Алты күндік жұмыс аптасы болған жағдайда демалыс 21, 22, 23, 24 наурызда беріледі.

Осылайша, 25 наурызда жұмысқа шығамыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *