Қазақстандағы шынайы өзгерiстердi сыртқа көрсетуде ашықтық бар

рмек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Қазақстан iс жүзiнде жаһандық саясаттың аса ықпалды қатысушыларының бiрiне айналды. Өткен жылды Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық етумен қортындылады.

Қазақстан бүгiнгi таңда үлкен саяси дода алаңына айналып отыр. Әлемдiк БАҚ Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 3-сәуiрiнде мерзiмiнен бұрын президент сайлауын өткiзу жөнiндегi шешiмiн жарыса жазуда. Отандық және шетелдiк сарапшылар сәуiрдегi сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын басымдықпен жеңiске жететiнiне еш күмәнданбайтынын айтуда.

Осыған байланысты апта соңында Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «Сайлау демократиясы: халықаралық тәжiрибе және Қазақстандағы президент сайлауы» тақырыбында халықаралық конференция болып өттi.

Мерзiмiнен бұрынғы президент сайлауы және Қазақстандағы сайлау тәжiрибесiнiң өзi халықаралық ғылыми-сараптамалық ортаның назарын өзiне аударғаны конференцияға қатысушылардың сөздерiнен айқын байқалып жатты. Елiмiздегi сайлау демократиясының қалыптасуы мен ерекшелiктерi, шетелдiк тәжiрибе және Қазақстанмен салыстырып қарастырылған сайлау науқандары шетелдiк сарапшылар тарапынан талқылануы оның аса маңыздылығын байқатады.

Халықаралық конференцияға сайлау өткiзудегi әлеуметтану саласының ең үздiк шетелдiк мамандары қатысып, өз ойларымен бөлiстi. Олардың арасында Роза Люксембург атындағы Қордың (ГФР) Ресей Федерациясындағы филиалының жетекшiсi Петер Линкенiң, ММУ (РФ) Посткеңестiк кеңiстiктi зерттеу жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығының бас директоры Алексей Власовтың, «Наследия Евразии» Қорының (РФ) президентi Елена Яценконың елiмiзде өткiзiлетiн сайлаудың ерекшелiктерi мен оның әлеуметтiк астары туралы айтқан ойлары көпшiлiкке ой салды.

Қазақстан орталықтандырылған идеология арқылы ғана дами алады. Бұл бағдарлама Батыс Еуропа елдерiнiң тәжiрибесiнде бар үрдiс. Осының өзi бағдарламаның қаншалықты салмақты, қаншалықты ауқымды екендiгiн көрсетеiп отыр.

Жалпы алғанда, Батыс сарапшылары да, ТМД-дағы белсендi саясаттанушылар да қазақстандықтардың сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын басымдықпен жеңiске жететiнiн айтуда. Президент Н.Назарбаевтың референдумнан бас тартып, мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзу жөнiндегi шешiмi халықаралық қауымдастықты қайран қалдыруда. Мұның өзi Қазақстан басшысының әлем елдерiнде беделiнiң жоғары екендiгiн көрсетуде.

Бiздiң Сайлау туралы Заңымыз – көптеген дамыған еуропалық мемлекеттердiң тәжiрибесi мен демократиялық ұстанымдарын басшылыққа алып бiрқатар халықаралық ұйымдар талаптарының негiзiнде жан-жақты сұрыпталып, сүзгiден өткен құжат. Оны елiмiздегi сайлауды ұйымдастырушылардың басты мiндетiнен де, мақсатынан да – сайлау науқанының барлық кезеңдерiн мейлiнше айқын және жария өткiзу шараларынан көруге болды.

Қазақстандағы шынайы өзгерiстердi сыртқа көрсетуде де ашықтық бар. Бұған дейiн өткiзiлген президенттiк, парламенттiк сайлау науқандарына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар әрқашан үлкен қызығушылық бiлдiрiп келдi және ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi байқаушыларын ұдайы жiберiп отырды. Биылғы сайлауға да келуге ниет бiлдiрiп отырғандар баршылық.

Саяси партияларға да сайлау комиссияларына кеңесшi дауыспен өз өкiлдерiн жiберу мүмкiндiгi берiлген. Мұның өзi сайлауды ашық, жария өткiзу үшiн қажеттi жағдайлардың барлығы жасалғанын байқатады. Бүгiнгi таңда елiмiзде Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) сайлауды байқау жөнiндегi миссиясы ашылып отыр.

Президент сайлауы – үлкен саяси бәсеке. Сайлауға кандидат ретiнде тiркелген үмiткерлер арасында белсендi iс-қимыл қызу басталып та кеттi. Олар барлық жерлерде кездесулер өткiзiп, БАҚ-да сайлауалды үгiт жұмыстарын жүргiзуде.

Сайлау науқанының табысты болуы сайланбалы лауазымға кандидаттардың заң талаптарын қатаң ұстанып, көпшiлiктiң талабынан шығып, әрқайсымыздың таңдауымызға әсер ете алатындай бағдарламалар ұсынуына көп байланысты. Өркениеттi сайлауалды күрес жүргiзуге үйрене отырып, бiз елiмiзде демократияның дамуына, әдiл және ашық саяси күрес ұстанымдарының орнығуына өзiндiк жол ашып отырмыз.

Сайлауалды үгiт-насихат жұмыстарында айтарлықтай тосын өзгерiстер жоқ. Бұл шара қалыптасқан, бұрын тәжiрибеде бар тәртiппен жүргiзiлмек. Кандидаттар сайлауалды үгiт материалдарымен электрондық және баспа ақпарат құралдарына БАҚ редакцияларының заңмен белгiленген тәртiпте алдын-ала жариялаған бiрдей шарттар негiзiнде шыға алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Сұлтанов халықаралық конференцияны ашар сөзiнде жан-жақты түсiндiрiп бердi.

Мемлекет басқару оңай нәрсе емес. Ол үшiн соған сай тұлға болуың шарт. Елiңе, жерiңе өте танымал, Отаның үшiн үлкен еңбек еткен азамат болсаң, онда алар бағаң бiр басқа. Қазiргi Президентiмiз Нұрсұлтан Әбiшұлымен бәсекелес болатын, сайысқа бiрге түсетiн балама кандидат жоқ. Әлеуметтiк зерттеушiлер электораттың 70–75 пайызы өз дауыстарын iс басындағы Президентiмiздi қолдайтынын көрсетiп отыр.

Сайлаудың демократиялық тұрғыда өтетiнiне халықаралық қауымдастық уәде етiп отыр.

Қазақстан басшысының бұл жөнiндегi мәлiмдемесi iле-шала әлемдiк беделдi ұйымдар тарапынан қызу қолдау тапты. Ең алдымен, АҚШ-тың мемлекеттiк департаментi, Еуроодақ және Ұлыбританияның өкiлдерi елiмiздегi оқиғаға қатысты өз ұстанымдарын бiлдiрдi. Осыған сай бұған дейiн АҚШ-тың мемлекеттiк департаментiнiң ресми өкiлi Филипп Кроули: «Бiз Қазақстан басшылығының ұлттық референдум өткiзбеу туралы шешiм қабылдағанын бiлемiз. Бұл шешiм бәрiмiз үшiн өте әдiл болды» деген болатын. Қазақстан басшылығының бүгiнгi ұстанымы демократиялық ұстанымдардың барлық талаптарына жауап бередi. Оны конференцияға қатысушылар тағы да қуаттап бердi.

Келесi 2012 жылы Парламент сайлауы. Сондықтан АҚШ билiгi Президент сайлауына қолдау бiлдiруде.

Сонымен бiрге әлеуметтанушылар дауыс беруге құқығы бар электораттың 15–20 пайызының әлi нақты шешiм қабылдамағанын айтып отыр. Мұның өзi олардың ықпалды кандидаттардың iс-қимыл белсендiлiгiне көңiлдерi жатпаса, дауыс беру көрсеткiштерiнiң өзге кандидатқа ауысатындығын көрсетуде. Әзiрге республика бойынша сайлауалды жұмыстарының жүрiп жатқандығы байқалады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев билiк партиясының ХIII съезiнде партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасының басым бағыттарын жариялағаны белгiлi. Президент ең алдымен 2020 жылға дейiн елдегi жұмыссыздардың қатарын 8-ден 5 пайызға дейiн түсiрiп, 2,5 миллион адамды жұмыспен қамту керектiгiн айтқан болатын. Осыған орай жұмыссыз азаматтарды басқа мамандықтарға оқыту мен бейiмдеудi және оларға жұмыс тауып беру шараларын мемлекет өз мойнына алып отыр. Бұл – елiмiздiң серпiндi стратегиясы әлеуметтiң әлеуетiн арттыруға арналып отыр деген сөз.

Бұл тұрғыда экономика ғылымдарының докторы, профессор «Тұран» университетiнiң ректоры Рахман Алшанов жиналушыларға жан-жақты түсiндiрiп бердi. Әлемдiк дағдарыс жағдайында елiмiздiң өте қиын жағдайдан шығып, сауығу форматына көшкенiн түсiндiрген лектор осы жылдары 1 миллиондай тұрғынның әлеуметтiк тұрғын-үй жағдайын жақсартқанын, 3 миллиондай адамның көлiкке мiнгенiн мысал ретiнде атап өттi.

Жұмыссыздықпен күресуде де iлгерiлеушiлiк бар. Еуропа мен Орта Азия елдерiмен салыстырғанда бiз әлдеқайда алдамыз. Рас, проблемалар барлық жерде де бар. Бiз ең қиын кезде де алдымызға қойған мақсаттарымыздан бас тартпағанбыз.

«Қазақстан Президент сайлауы – 2011» атты екiншi секцияда қазақстандық жетекшi сарапшылар Қазақстан қоғамының демократиялық негiздерiн бекiтуге бағытталған мерзiмiнен бұрынғы президент сайлауының негiзi үрдiстерi, жағдайы мен келешегi жан-жақты талқыланып, ол пiкiрталасқа ұласты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *