Қазақстанда ТМД елдерінен барлығы 234 бақылаушы қатысуда

ТМД бақылаушылары сайлау басталғалы бері 10 сайлау учаскесінде болды. Олар науқан кезінде ешқандай заң бұзушылықтар орын алған жоқ екенін атап өтіп, учаскелерде сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.

Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының консул-кеңесшісі Валентин Колясевтің айтуынша, барлық учаскелерде санитарлық талаптар сақталып, қандай да бір заң бұзушылыққа жол берілмеген. Ол сондай-ақ саяси науқан барысында қала халқының сабырлылығы мен белсенділігіне тәнті болғанын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, әріптестерінің кейбір сайлау учаскелерінде бақылаушылар үшін орындар жетіспейтіндігі туралы хабарлағанын жеткізді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *