Аюсай шатқалының сарқырамаларына баруға тыйым салынды

Аюсай шатқалының сарқырамаларына баруға тыйым салынды Сурет: Inform.kz

Аюсай шатқалында сарқырамаларға апаратын жолды тастар басып қалды.


Жолға қарай құлаған тастар тосқауыл торы мен ескерту тақталарын бұзып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Осыған байланысты Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бірінші, екінші және үшінші сарқырамаларға баруға тыйым салды. Сондықтан Аюсай сарқырамаларына экскурсияларды тоқтатуға мәжбүрміз. Аюсай шатқалына келетін қонақтарды тәуекелге бармауға және серуендеу үшін қауіпсіз маршруттарды, мысалы, Мыңкөз жолын таңдауға шақырамыз», - деп жазылған Аюсай визит орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында.



Сондай-ақ, визит орталығы шатқалға бару жолдары әбден қауіпсіз болған кезде, ол туралы міндетті түрде хабарланатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55