Аймағамбетов Мәжіліс депутаттығына ұсынылды

Аймағамбетов Мәжіліс депутаттығына ұсынылды
Сурет: BAQ.KZ

Amanat партиясы Мәжіліс сайлауына барлығы 119 кандидат ұсынды.

Amanat партиясының кезектен тыс съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Үміткерлер арасында бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов және танымал айтыскер Ринат Зайытов бар.

Amanat партиясы Мәжіліс сайлауына барлығы 119 кандидат ұсынды. Партиялық тізім бойынша 90, ал бір мандаттық округ бойынша 29 адам енгізіліп отыр.

Алдағы Мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша түсетін кандидаттардың арасында бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, таннымал айтыскер ақын Ринат Зайытов, журналист Нартай Аралбайұлы, "Қазақстан КВН Одағы" қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен, боксшы Фируза Шәріпова бар.

Сондай-ақ, Мәжілісті басқарған, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов та алдағы сайлауда депутат мандатына таласады.

Amanat партиясының кезектен тыс съезінде сайлауға қатысатын үміткерлер тізімі бірауыздан бекітілді.

Ал мәслихат депутаттығына партиядан 3821 кандидат ұсынылды. Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.