Айқын бағыт, басты бағдар

Айқын бағыт, басты бағдар almaty-akshamy.kz

«Көкжиек» ықшамауданында мүмкіндігі шектеулі жандар Жолдауды талқылады


Алматыда ел Президентінің Жолдауын талқылауға арналған түсіндіру жұмыс­тары жалғасып жатыр.


Жалпы, сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылы­ғы мен өркендеуінің негізі. Сон­дықтан еліміздің болашағын ай­қындайтын құжатты талқылау барлығымыз үшін маңызды. Жетісу ауданы, «Көкжиек» ықшамауда­нында орналасқан №21 қалалық емханада мүмкіндігі шектеулі адамдармен Жолдауды талқылау өтті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының кең ауқымды мәселе­лер бойынша нақты тапсырмалар бергені туралы жан-жақты айтыл­ды. Әсіресе, халықтың тұрмыс жағдайы, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсе­тудің түрлері туралы тереңірек ақ­параттар қамтылды. Сөз сөйлеген­дер Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің дамуы үшін ай­қын бағыт, басты бағдар болаты­нын атап өтті.



– Біздің еліміз қазір қайтадан құ­рылуда. Біз басқа деңгейге жетуге талпыныс үстіндеміз. Елімізде рефе­рендум өтті. Көптеген өзгерістер бо­лып жатыр. Бұрын депутаттар халық­пен кездесуге жылына бір рет келетін еді. Шыны керек, халық тіпті көпте­ген депутаттарды көрмеді. Дегенмен, қазір бәрі өзгеріп жатыр. Біз сіздердің қойып жатқан барлық сауалдарыңыз­ды тиісті орындарға жеткіземіз, – деді Жетісу ауданы Amanat партиясы филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Давов.



Кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылып, жан-жақты әңгіме өріс алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09