Айырқалпақтылар елінде тұратын қазақтар бас қосты

Айырқалпақтылар елінде тұратын қазақтар бас қосты
Сурет: 24.kz

Қырғыз жерінде қанша қазақ бар?

Бішкекте «Отандастар» қорының президенті Нұртай Абықаевтың төрағалығымен Қырғызстанда тұратын қазақтардың кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24.kz сайтының ақпаратына сәйкес, аталған кездесу Алыкул Осмонов атындағы ұлттық кітапханада ұйымдастырылды. Осы мекемеде Абай атындағы қырғыз-қазақ орталығы екінші жыл жұмыс істеп келеді. Енді мұнда қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы мен «Отандастар қорының» бастамасымен ашылған «Абай үйі» мәдени-іскерлік орталығы орналасады.

Оның тұсаукесеріне екі республиканың депутаттары, ғылыми қауым өкілдері және көрші елде қазақ мәдениетін насихаттауға үлес қосып жүрген қандастар қатысты.

Елшілік мәліметінше, Қырғыз Республикасында 39 мыңдай қазақ тұрады.

«Бұл кездесуде олардың көкейінде жүрген басты мәселелер, олардың жобалары талқыланып, соларға қолдау көрсету тетіктері пысықталады. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатысуда, қырғыз тарапынан да өте жоғары деңгейде өтіп жатыр», - дейді «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның вице-президенті Мағауия Сарбасов.