Аязға байланысты Қазақстанның 5 өңірінде жолдар жабылды

Аязға байланысты Қазақстанның 5 өңірінде жолдар жабылды
Сурет: Ашық дереккөз

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанның бес өңірінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін шектеу енгізілді.

Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол қозғалысы шектелді.

Жетісу облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» тас жолының 558-615 шақырымында Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.

Павлодар облысында Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 426-587 шақырымында Павлодар қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.

Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 249-320 шақырымында Бүркітті кентінен Абай облысы ауданының шекарасына дейінгі аумақта рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.