Аяз, тұман, қар

Аяз, тұман, қар
Сурет: ашық дереккөз

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 10 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, аяз түседі. Тек еліміздің батысы мен шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

ҚР оңтүстік жартысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, таулы аудандарда кей уақыттарда қар қатты жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі болжануда.

Жетісу облысының, Алматы облысының таулы аудандарында, түнде оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қар қатты жауады.