Аялдамалар «сөйлеп» тұр

Аялдамалар «сөйлеп» тұр
Сурет. Вa-company.info

Ақылды аялдама

Алматы аялдамалары қызыққа толы. Әрқайсысы кісіні бағыттайды, хабарландырады, жөн сілтейді. Бір сөзбен айтқанда, өзіңізбен "тілдеседі".

Қазақ халқының ұлттық өнерін, нақышын, этнофольклорынан хабардар ететін, билборд, мүсіндер, ою-өрнекпен, қабырға салынған тарихи суреттерді көріп көзайым болатынбыз. Соңғы уақыттары бұл үрдіс автобус күту бекеттеріне ойысты. Әсіресе, Абай және Назарбаев даңғылдарында құнды дүниелерімізді бірден байқаймыз. Қуанамыз!

Сіз маршруттық бекеттерде өзіңізге қажеттіні тез таба аласыз. Мұнда сізді пәтер, жұмысқа орналасу, мейрам кездерінде концерттік шақыртулар т.б жөнінде құлағдар етеді. Тез әрі жылдам ақпаратты да көруіңіз мүмкін. Сонымен қатар жолаушыларға арналған маршруттық кестелер бағытты айқындауға септеседі.

Соңғы уақыттары Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ сияқты технократиялық елдерден «смарт аялдама» ұғымы жетті. Дәлірек айтқанда, «ақылды бекет»! Енді қала жұртшылығы тиімділікке жақындай түсті. Уақыт үнемделеді. Бұнда Wi-fi, қалта телефондарын қуаттауға негізделген тоқ көздері, төлем терминалдары орнатылған. Айта кетейік, Алматыда «смарт аялдамалардың» алғашқысы Манас пен Жандосов көшелерінің қиылысында қойылған. Бұрын «ақылды қала», «ақылды үй» дегендерді естуші едік. Оның қатарына аталған жаңашылдық қосылып, шаһар мен тұрғындар шаруасын жеңілдетуде. Шаһарымызда ілкімді істер ілгерілей бергей!