Аяқ киімді таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталды

Аяқ киімді таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталды
Сурет: Kyzylorda-news.kz

Науқан шағын бизнеске қолдау ретінде ұйымдастырылып отыр. 

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

«2022 жылғы 1 наурыздан бастап аяқ киімнің қалдықтары үшін таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталады. Бір реттік науқан «Қазақтелеком» АҚ Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторымен қолға алынып отыр. Оны өткізу туралы шешім кәсіпкерлердің өтініштері бойынша қабылданды», – деп жазылған хабарламада.

Науқан шағын бизнеске қолдау ретінде ұйымдастырылып отыр. Қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Осылайша, кәсіпкерлерде науқан аясында таңбалау кодтарын тегін эмиссиялау және басып шығару мүмкіндігі пайда болады.

Толық нұсқаулық sbor zayavok ostatki obuvi kaz сілтемесі бойынша қолжетімді. Науқан шеңберінде тауарларды цифрлық таңбалау бойынша 8 800 080 65 65 тәулік бойы қызмет ететін байланыс-орталығынан кеңес алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау басталды. 2022 жылғы 1 сәуірге дейін кәсіпкерлерге таңбаланбаған аяқ киімді сатуға рұқсат етіледі, осы күннен кейін сөрелерде тек цифрландырылған аяқ киім болуы керек. 2022 жылғы 1 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының аумағында айналымда және айналымнан шығаруда пайдаланылатын аяқ киім тауарларының қалдықтарын сақтауға және тасымалдауға, сондай-ақ таңбалауды жүзеге асыруға жол беріледі.