Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері:  «Енді қайталатпасын!»

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері:  «Енді қайталатпасын!»
qamshy.kz

«Бірігіп  көтерген жүк – жеңіл» дейді ғой. Қандай қиындығы, тауқыметі болмасын бірігіп, бірлігімізді көрсетіп, жұмыла көтерсе бұл ауыртпалық жеңіл болады. Өмірден озып кеткен азаматтардың жанұясына қайғырып көңіл айтамын. Емханада жатқандар аман-есен емделіп, отбасыларына оралсын деп тілеймін.

Осы оқиғаға байланысты ертен елімізде «Қаралы күн» болып жарияланды. Бұл – тек тараздықтардың ғана емес, бүкіл халықтың қайғысы. Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев та, Елбасымыз да бұл жағдайға бей жай қарамағанына дер кезінде қабылдаған шешімдерінен-ақ аңғаруға болады.

Халқымен бірге қабырғасы қайысып, барлық жағдайды жасауға тапсырманы бергені – халықтың бірлігі деп санаймын. Енді бұндай қайғыны қайталатпасын! Аман-есен болып, бәрі қалыпқа келсін деп тілейік.Осындай қиындық кезеңде бірігу үшін халқымның пейілі, ниеті ешқашан төмендемесін.

Ендігі кезекте еліміз аман, тек жақсылық болсын!