Автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді

Автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді
Сурет: Wikers.ru

Несие мерзімі – 7 жыл. Алғашқы төлем - 0%. Жылдық мөлшерлемесі - 4%

Бұл қаражат отандық автокөліктерді алуға ғана жұмсалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «ӨКМ Операторында» жиналған қаражат туралы түсіндіріп берді.

«220 млрд теңге біздің азаматтарымыздың игілігіне жұмсалуы керек. Жиналған соманың 100 млрд теңгесі автонесиелеуге бағытталады. Несие мерзімі – 7 жыл. Алғашқы төлем - 0%. Жылдық мөлшерлемесі - 4%. Бұл бағдарламаны 70 мыңға жуық қазақстандық пайдалана алады", – деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Роман Скляр автосалондардағы көлік тапшылығының себебін де айтып өтті.

«Көлік тапшылығы әлемде чиптердің тапшылығымен байланысты», – деді спикер. 

Роман Скляр соңғы бір айдан аса уақыттан бері талқыланып келе жатқан утильдік алым тақырыбына нүкте қойды. Ол енді оның мөлшерлемесі 50%-ға төмендейтінін хабарлады.