Австралияда шетелге шығуға шектеу қойылды

Австралияда шетелге шығуға шектеу қойылды
Сурет: Тimonia-traveler.ru

Карантин көптің жолын кесуде.

Австралия тұрғындары шетелге тек биліктің рұқсатымен ғана шыға алатын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Австралия өз азаматтарына шетелге еркін шығуға тыйым салды.

Енді тек биліктің арнайы рұқсатымен ғана елден тыс сапарлауға болады. Сонымен қатар австралиялық Мельбурнда қатаң карантин бір аптаға ұзартылды.

Мегаполис тұрғындарына себепсіз үйлерінен шықпауға нұсқау берілді.