Ауғанстанға экспортталған қазақстандық өнім $161,8 млн құрады

Ауғанстанға экспортталған қазақстандық өнім $161,8 млн құрады
Сурет: Kz.oqu.news

2020 жылдың қорытындысы бойынша 55,2%-ға артып, 623,6 млн АҚШ долларын құрады.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің саясат және стратегия жөніндегі бас директоры Харрис Мананмен екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және өзара сауданы ұлғайту мәселелерін талқылау бойынша онлайн келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Коронавирус пандемиясының салдарына қарамастан, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара сауда көлемі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 55,2%-ға артып, 623,6 млн АҚШ долларын құрды», делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 Қайрат Төребаевтың хабарлағанындай, 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы 2,8%-ға өсіп, 163 млн АҚШ долларын құраса, осы кезеңдегі экспорт көлемі 2,5%-ға өсіп, 161,8 млн АҚШ долларын құрады.

Тауар айналымы өсуінің оң серпінін қолдау мақсатында және тауар айналымын ұлғайту жөніндегі шаралар ретінде қазақстандық тарап елдер арасындағы экспорт құрылымын әртараптандыруды жүргізуді ұсынды.

 «Қазақстандық сарапшылар Ауғанстан нарығына Қазақстаннан жеткізілуі ықтимал тауарлардың тізімін дайындады. Бұл 45-тен астам өнімнің жалпы сомасы $360 млн құрайды, мәселен, біздің мұнай-химия (сомасы $91 млн), тамақ (сомасы $226,2 млн), металлургия (сомасы $15 млн), машина жасау (сомасы $2,4 млн), химия (сомасы $16,8 млн), жеңіл өнеркәсібі (сомасы $6,4 млн), ағаш өңдеу және жиһаз (сомасы $2,1 млн. салаларының өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар», –деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Кездесу барысында вице-министр Қайрат  Төребаев сауда ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Ауғанстаннан жемістер мен көкөністерді сатып алуға дайын екенін атап өтті. Одан басқа, қазақстандық тарап Термез халықаралық сауда орталығы базасындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Қайрат Төребаевтың пікірінше, елдер арасында инвестиция көлемін қарқындату қажеттілігі де бар. Осыған байланысты «Қорғас» ШЫХО әлеуетін ҚХР нарығына көтерме-бөлшек экспорттау үшін алаң ретінде пайдалану ұсынылды.

Осы кездесудің нәтижесі ретінде қазақстандық тарап ағымдағы жылы қазақстан-ауғанстан бизнес-форумын ұйымдастыруды ұсынды.