Аукцион: Алматыда 73 құты шарап 19 млн-ға бағаланды

Аукцион: Алматыда 73 құты шарап 19 млн-ға бағаланды
Cурет: Кk.unansea.com

Сауда-саттық бағаны көтеру аукционы арқылы өтеді.

Лотты аукционда сату үшін Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті шығарған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Мемлекеттік мүлік тізілімі сайтындағы ақпаратқа сәйкес, сатылымға әрүрлі бөтелкелердегі шараптың 73 бөтелкесі шығарылған.

Сауда-саттық бағаны көтеру аукционы арқылы өтеді. Лоттың бастапқы бағасы 19 246 452 теңге болса, кепілдік жарна 2 886 968 теңге. Өтінімдер 2021 жылғы 14 қыркүйекке дейін қабылданып, сол күні аукцион өтеді

делінген ақпаратта.

Бағалау құжатына сүйенсек, шараптардың арзаны да, қымбаты да бар. Мәселен баға 12 мың теңгеден басталып, 1,7 миллион теңгеге дейін жетеді.

Бағаны көтеру аукционы дегеніміз — бастапқы баға алдын ала келісілген баға бойынша көтеріліп, сатылады. Аукционға қойылған зат ең жоғары баға ұсынған адамға беріледі.