Ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе болып табылады

Ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе болып табылады almaty-akshamy.kz

Алматының төрт шағын ауданында 395 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынады


Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз сумен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе болып табылады. Бүгінде аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қала басшысы еске салғандай, өткен жылдың қараша айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 61 шақырым су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы сәтті аяқталды. 


2024 жылдың маусым айында Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарында 395 шақырым жаңа сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысын бастау жоспарлануда.


Ақжар мен Қарағайлы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды. 
Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандары үшін мемлекеттік сараптама биылғы жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде, деп атап өтті Ерболат Досаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26