Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық шығады

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық шығады
inform.kz

Грекияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бүгін екі қазақстандық спортшы сайысқа түседі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Қ

Бүгін, 5 мамырда ел намысын 73 келі салмақта А тобында ел құрамасынан Петр Хребтов мен Алексей Чуркин қорғайды.

Құрама сапында Екатерина Алякина (55 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі), Петр Хребтов (73 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Денис Полубояринов (81 келі), Егор Шерер (81 келі), Клим Басаргин (89 келі) және Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі.

Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтеді. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынайды.

Дүбірлі дода 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.