Ауылдықтарға скрининг жүргізетін пилоттық жоба басталады

Ауылдықтарға скрининг жүргізетін  пилоттық жоба басталады
Сурет: Іnform.kz

Бұл тексеруге 18 жастан бастап ауыл тұрғындары қаралуына болады.

Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйектің ортасынан бастап ауыл халқына скрининг жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске қосады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомство мәліметінше, 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды анықтау арқылы ауыл тұрғындарын скринингпен қамтуды ұлғайту тәсілдері қайта қаралды.

«Бұрын ауыл жастары 30 бен 70 жас аралығындағы адамдарға жүргізілетін скринингтік тексерулерден тыс қалатын. Енді ауылдарда нысаналы топтар айқындалды. Олар: «Жастар» – 18-ден 29 жасқа дейін, «Еңбек – 1» – 30-дан 44 жасқа дейін, «Еңбек-2» – 45-тен 65 жасқа дейін және «Зейнеткер» – 66 жастан асқандар», – дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айының ортасында ауыл халқына скрининг жасау бойынша пилоттық жоба басталады. Ол ең алдымен Қарағанды (Абай аудандық орталық аураханасы), Ақмола (Аршалы аудандық орталық аураханасы) және Алматы облысында ( Еңбекшіқазақ ауданының орталық аурханасы) іске қосылады. Кейінірек бұл тәжірибе басқа өңірлерде кезең-кезеңмен енгізіледі.