Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды
Сурет: Azh.kz

 Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды екендігіне тоқталды.

«Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мәжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған дейін Мемлекет басшысы ұлттық жобалардың сапалы әрі уақтылы  жүзеге асырылуы қажеттігін айтты.