Ауыл шаруашылығы саласына 3 мың маман қажет

Ауыл  шаруашылығы саласына 3 мың  маман  қажет Сурет: 24.kz

Тракторшы, механизатор және агроном жетіспейді.


Агроөнеркәсіпте маман тапшы, деп хабарлайды  Almaty -akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың пікірінше, бұған біріншіден, жалақының аздығы әсер етіп отыр. Айталық, шаруалар мен бағбандар шамамен 180 мың теңге нәпақа табады екен.
«Ветеринар жетіспейді. Саланы жақсы білетін және жұмысты жүйелі ұйымдастыра алатын менеджер тапшы. Заманауи техниканы жөндей алатын инженер-механик аз. Ауыл шаруашылығының қай бағытын алсақ та, жағдай мәз емес»,- дейді Қазақстанның Картоп  және көкөніс  өсірушілер одағының төрағасы Қайрат  Бейсетаев.
Қазақстанда агроөнеркәсіп маманын дайындайтын 23 жоғары оқу орны бар. Жыл сайын 2 мыңнан астам студент білім алып шығады. Бірақ олардың тең жартысы басқа салаға кетеді, - дейді мамандар.
Әдетте, жас мамандар міндетті жұмыс істеу мерзімі аяқталған соң тұрақтамайды. Ары кетсе алған мамандығы бойынша 3 жыл еңбек етеді, - дейді сарапшылар. Сонда тығырықтан шығар жол қайсы? Сарапшылардың пікірінше, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын кеңейтіп, салаға маман тартудың басқа да жолдарын қарастыру қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:42

15:38

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49