«Ауыл аманаты» жобасы іске асырыла бастайды

«Ауыл аманаты» жобасы іске асырыла бастайды
Сурет: Kazbusiness.kz

 Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда 17 мың жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Іс-шаралар кешенінің бірінші бағыты – «Өнім өндіру көлемін ұлғайту». Бұл бағыт өндірушілер арасында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей сатып алудан форвардтық шарттар жасасуға көшу жолымен тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта форматтау жөніндегі шараларды қамтиды. Сондай-ақ, биыл 17 мың жеңілдетілген шағын несие беруге, 18 мың жұмыс орнын құруға бағытталған ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басталады», - деді Әлібек Қуантыров.

Сонымен қатар ол жаңа сүт-тауарлы фермаларды құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту бойынша 24 жобаны жеңілдетілген қаржыландыру арқылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі қолданылатынын айтты.

«Ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс материалдарын, жеңіл, химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларын өндіру бойынша импортты алмастыратын жобаларды іске асыру жалғастырылады. Сондай-ақ, осы жылы құс етін өндіру бойынша 19 жобаны және ет өнімдерін өңдеу бойынша 17 жобаны іске асыру басталады. Бұл 249 мың тонна құс етін және 32 мың тонна ет өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді», - деді министр.