Ауғанстан азаматтарын елімізге заңсыз кіргізген шетелдік ұсталды

Ауғанстан азаматтарын елімізге заңсыз кіргізген шетелдік ұсталды Сурет: Egemen.kz

2022 жылғы 13 қазанда Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу арнасы анықталды.


Бұл жұмыстарды ҰҚК Шекара қызметі Алматы қаласының прокуратурасымен бірге орындаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.



«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азамат 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алып жатқан кезінде ұсталды. Өткізілген тінтудің нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымдардың мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды», - деп жазылған хабарламада.



Аталған факт қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелді.

Ұсталған адам Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55