Ауғанстан аймақтағы тұрақсыздықтың бесігіне айналмайды

Ауғанстан аймақтағы тұрақсыздықтың бесігіне айналмайды

Ташкентте «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» деп аталатын халықаралық конференция өтіп жатыр.

«Талибан» үкіметі Ауғанстанның аумағын террористік ұйымдардың пайдаланбайтынына кепілдік береді. Талибан үкіметінің Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амирхан Муттаки Ташкенттегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап. 

«Ауғанстан аймақтағы тұрақсыздықтың бесігіне айналмайды, басшылық ел аумағын Аль-Каида мен басқа да террористік ұйымдардың пайдаланбайтынына кепілдік береді», – деді Муттаки.

Оның айтуынша, Ауғанстанның қазіргі мақсаты әлемнің барлық елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнату болып табылады.

Муттаки елдің негізгі бағыты экономикалық даму, сондай-ақ Ауғанстанды Орталық және Оңтүстік Азияны дамыту хабына айналдыру екенін атап өтті.

Ташкентте өтіп жатқан «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму деп аталатын халықаралық конференцияға әлемнің 20-дан астам елінен делегациялар келді. Олардың қатарында Қазақстан да бар.