Ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қолға алынған

Ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қолға алынған
Сурет: Uaqyt.kz

Ұзындығы 5,7 км Шығыс айналма автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жыл басынан бастап ұзындығы 21,4 км (1,4 млрд.теңге)  29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды, онда тротуарлар салу да қамтылған. 

«Бүгінгі күні 27 көше бойынша жұмыстар аяқталды және Уәлиханов көшесі мен Горный тұйық көшесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, оларды ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - дейді қала басшысы Ерболат Досаев.