Алатау ауданында 6 мыңға жуық баласы балабақша кезегінде тұр

Алатау ауданында 6 мыңға жуық баласы балабақша кезегінде тұр
Сурет: Qazaqstan.tv

«Нұркент» шағынауданында 320 орындық және «Саялы» шағынауданында 160 орындық 2 балабақша салу жоспарлануда.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 1-6 жас аралығындағы 41 200 бала кезекте тұр, оның 6 мыңға жуығы Алатау ауданында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл басынан бері жеке балабақшаларда 1261 орын пайдалануға берілді. «Нұркент» шағынауданында 320 орындық және «Саялы» шағынауданында 160 орындық 2 бала бақша салу жоспарлануда.

Балалардың мектептен тыс білім беру, спорт және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуы үшін Алматы қаласының бюджетінде 8,2 млрд. теңге қарастырылған.

Ауданда спорттың 25 түрінен 107 спорт секциясы жұмыс істейді, оған 10 мыңнан астам бала қатысады, сондай-ақ 58 шығармашылық бағыт бойынша 215 үйірмелер ашылып, 9 200-ден астам бала қамтылды.