Ауданда тұрақты су басатын жерлердің мәселесі әлі де өзекті болып отыр

Ауданда тұрақты су басатын жерлердің мәселесі әлі де өзекті болып отыр
Сурет: Egemen.kz

Қалада тұрақты су басатын 56 учаске белгілі, оның 8-і Жетісу ауданында орналасқан.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы түрғындарымен өткен кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Осы 8 учаскені су басу мәселесін шешу үшін қала әкімдігі төтенше жағдайлар желісі бойынша осы жылдың тамыз айында 7,2 км арық салу, 2,2 км коллекторларды қалпына келтіру және Есентай каналының 2,5 км бөлігін тазарту жұмыстарын бастады. Жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деді қала әкімі Ерболат Досаев. 

Сондай-ақ ауданның өз күшімен биылғы маусым айында 27 мекенжайдағы арық желісінің өткізу қабілетін жақсарту үшін 4,4 км арық желісін жаңғырту жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 3,2 км арық салынды. Қалған 1,2 км осы жылғы қазан айының соңына дейін аяқталатын болады.