Ауданда автобустар мен аялдамалар тапшы

Ауданда автобустар мен аялдамалар тапшы
Сурет: Тotal.kz

Ауданда 3 жаңа бағыт ашу және қолданыстағы 5 бағытты күшейту жоспарлануда.

Жетіспейтін 35 аялдаманың 8-і толыққанды аялдамалармен жабдықталады, 27 учаскеде «Аялдама» белгісі бар тіреуіш орнатылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Аудан халқының жоғары өсуіне байланысты Әшімов көшесіндегі «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базары ауданындағы станцияға дейінгі метро трассасы өзгертілді», -деді тұрғындармен кездескен Ерболат Досаев.