Ауданда аулалар абаттандырылады

Түрксіб ауданында биылғы жылы 4 демалыс алаңы жөндеуден өтеді. Олар: Сейфуллин атындағы саябақ; № 32 мектептің қасындағы алаң; әуежай жанындағы демалыс алаңы және Балалар шығармашылық үйі жанындағы алаң. Сондай-ақ «Тексай-Жарбұлақ» пен Маяк саябақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров хабарлады.

Аудан тұрғындары біраздан бері Алтай-1 шағын ауданын абаттандыруды өтініп жүрген болатын. Биыл осы шағын ауданда жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылады, ойын, спорт алаңдары пайда болады, көшелерге шамдар орнатылады және көгалдандырылады.

«Жас қанат» шағын ауданында 30 аула жөнделеді. Жалпы Түрксіб ауданында 579 аула бар, 2016-2020 жылдар аралығында барлығы 496 аула жөндеуден өткен.

Түрксіб ауданына биыл 36 мың түп ағаш отырғызылды. Жалпы көгалдандырылған алаң көлемі 5,5 шаршы метр.

 

Айнұр Нұрсабет

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *