Аудан әкімдері жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құруға міндеттеледі

Аудан әкімдері жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құруға міндеттеледі
shymkenttv.kz

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс орындарын есепке алу жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жұмыс орнын құру әкімдердің міндеті болып белгіленгендігін атап өтті.

«Ұлттық экономика министрлігі Есеп комитетімен және Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесіп, екі апта ішінде Үкіметке осындай жұмыс орындарын есепке алу жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар енгізсін», - деді Премьер-Министр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімдеріне жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн екенін айтқан болатын.