Ауадан ақша жасаған алматылық ұсталды

Ауадан ақша жасаған алматылық ұсталды
Polisia.kz

Алматы тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бірнеше жергілікті тұрғындардың полицияға хабарласуынан кейін алаяқтық белгілі болды. Сондай-ақ бәрінің айтатыны бірдей болды.

– Қалада пәтер жалдауға тырысқан азаматтар танымал интернет-қызметтен жарнама іздеді. Пәтер иесімен телефонмен хабарласқан. Бағалар нарықтағыдан әлдеқайда төмен болды. Өздеріне ұнаған пәтерді броньдау үшін олар 100 пайыздық төлем жасады. Ақшаны алғаннан кейін “риэлтор” бірден байланысын тоқтатты. Біз күдікті Алматы қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтап, ұстадық. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Бұл кезеңде оның осыған ұқсас 8 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Анықталғандай, әр клиенттен күдікті 130 мың теңге, қосымша 50 мың теңгені құрайтын алдын ала төлемді алды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталған адамға қатысты алдын ала тергеу кезеңінде қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.