Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту
Сурет: Bigkyiv.com.ua

Елдің төрт облысында ауа райының қолайсыздығына  ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

14 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, 15 қазанда солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

14 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

14 қазанда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

14-16 қазанда Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.