Ауа райы астықтың бітік шығуына қолайлы болмақ

Ауа райы астықтың бітік шығуына қолайлы болмақ
Сурет: Umu.se

Синоптик мамандар болжамын айтты.

«Қазгидромет» мамандары еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы метеорологиялық жағдайлардың биыл астықтың бітік шығуына қолайлы болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың өнімділігі негізінен орташа көп жылдық мәндерге жуық болады деп болжанады. Жамбыл облысының Рысқұлов, Шу және Сарысу аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күздік бидайдың өнімділігі орташа көп жылдық мәннен жоғары болмақ», - делінген хабарламада.