"Атқарушылық іс жүргізу туралы" заңға түзетулер енгізілгеннен бастап, орындалған құжаттар саны қырық бес пайызға артты

"Атқарушылық іс жүргізу туралы" заңға түзетулер енгізілгеннен бастап, орындалған құжаттар саны қырық бес пайызға артты
Сурет: Gov.kz

тқарушылық іс жүргізу туралы" заңға түзетулер енгізілгеннен бастап, орындалған құжаттар саны қырық бес пайызға артты

  2020 жылы сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыруға бағытталған "Атқарушылық іс жүргізу туралы" заңға түзетулер қабылданды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жеке сот орындаушыларының жауапкершілігі қатаңдатылды, бір мезгілде уәкілетті және қадағалау органдарының, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілеттіктері күшейтіліп, кеңейтілді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

«Қабылданған заңнамалық шаралар нақты орындалған құжаттар санының 45 %  артуына ықпал етті», - деп хабарлады халыққа есеп беру кезінде ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Ведомство басшысының айтуынша, бірнеше жыл бойы жүргізіліп жатқан дәйекті реформа және атқарушылық іс жүргізудің электрондық форматқа көшуі өзінің қабілеттілігін көрсетті.

Елдегі төтенше жағдай кезеңінде атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мәжбүрлеп орындау шараларын үздіксіз қабылдауға жағдай жасады. «Халыққа атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті арқылы атқарушылық құжаттарды онлайн режимде беру мүмкіндігі берілді», - деді Марат Бекетаев.