Атыраудан Алматыға 10 мың доза вакцина жеткізіледі

Атыраудан Алматыға 10 мың доза вакцина жеткізіледі
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыға Pfizer вакцинасының 10 мың дозасы жеткізіледі. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылғы 5 шілде аралығында коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасы 1 227 967 адамға егілді. Оның ішінде вакцинаның екі компонентін 1,1 млн астам адам алған. Ревакцинациядан 496 723 алматылық өтті.

«5 шілде күні 1 023 алматылық вакцина салдырды. Қазір қалада 96 пункт жұмыс істеп тұр. 340 адамнан тұратын 103 екпе бригадасы бар. Қала халқын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін екпе мөлшері жеткілікті . Атыраудан Алматыға тағы 10 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізіледі», - деп нақтылады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.